Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: КЕҢЕЙТІЛГЕН ОНЛАЙН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ 34 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 26.05.2020 5279 0 пікір
ҚМДБ: КЕҢЕЙТІЛГЕН ОНЛАЙН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ 34 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісі өтті.

Мәжіліске ҚМДБ Орталық Аппарат қызметкерлері мен облыстың бас имамдары қатысты. 2 сағатқа созылған онлайн жиналыста 34 мәселе талқыланды. Атап айтқанда, «Нұр Мүбәрак» университеті мен медресе-колледж шәкірттерін діни қызметке бөлу, онлайн режимге көшкен сауат ашу курстарының жұмысын жетілдіру, мүфтияттың 30 жылдық мерейтойы аясында елдімекендерде 30 көпір салу сынды қайырымдылық шараларды жалғастыру, имамдардың білімін жетілдіру мақсатында онлайн курс ұйымдастыру, мешіттерге ат қоюды жүйелеу, т.б. мәселелер талқыланды.

«Құрметті әріптестер, өздеріңіз білесіздер, қазір елімізде төтенше жағдай режимінің мерзімі біткенімен, карантин режимі біткен жоқ. Жұқпалы дерттің қаупі сейілген жоқ. Сондықтан қызмет барысында санитарлық талаптарды қатаң сақтауымыз тиіс. Осы ретте онлайн дәрістерді жүйелі түрде жалғастыруды тапсырамын. Дін саласындағы қызметті ақсатып алмай, жұмысымызды онлайн режимде жүйелі түрде жүргізе беруіміз керек» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Мәжіліс соңында ҚМДБ Төрағасы облыс бас имамдары мен Орталық аппарат қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.    

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру