Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОРАЗАДА ОНЛАЙН ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚЫЛАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 23.04.2020 7266 0 пікір
ОРАЗАДА ОНЛАЙН ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚЫЛАДЫ

Ертең, 24 сәуірден батап Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен екінті намазынан 10 минут өткенде республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Рамазандағы Құран хатым» атты онлайн хатым оқу шарасы басталады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Карантин жағдайындағы Рамазан» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында Рамазан айында бір сағат арнайы онлайн-хатым оқылатынын хабарлаған болатын.

Құран хатым оқу 24 сәуірден 19 мамырға дейін жалғасады. ҚМДБ-ға қарасты «Хикмет ТВ» студиясынан тікелей эфирде көруге болады. Құран Хатым дұғасы қасиетті Қадыр түнінде жасалады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру