Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДІНИ БАСҚАРМА БІР АПТАДА 5 957 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 07.04.2020 4371 0 пікір
ДІНИ БАСҚАРМА БІР АПТАДА 5 957 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бір апта ішінде 5 957 отбасыға көмек көрсетті.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада қайырымдылық шарасын өзі бастап, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып, оларға насихатын жеткізген болатын.

«Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Мен жұртымызға жолдаған Үндеуімде карантин кезінде үмітсіздікке бой алдырмай, сауапты амалдар мен қайырымдылық шараларға үлес қосуға шақырдым. Біз қашан да өзгелерге қайырымдылық жасап, жан-жағымызға шуағымызды төгіп, шарапатымызды тигізіп, адамның алғысын алып өсіп-өнген елміз. Сындарлы сәтте бір-бірімізге жылы сөз айтып, жабыққан жандарға көмектесудің сауабы мол. Осынау сауапты іске үлес қосқан барша дін қызметкерлері мен демеуші азаматтарға риясыз ризашылығымды білдіремін» дейді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, қайырымдылық акциясы республика деңгейінде жүзеге асқан. Азық-түлік пен тұрмыстық заттарға кеткен қаражат мөлшері – 25 015 950 теңге. Бұл бастама жалғасын таба бермек.

           

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру