Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ВИДЕО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 20.03.2020 742 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ВИДЕО)

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы HIKMET TV арнасының Youtube желісіндегі каналынан тікелей эфирде насихат айтты.

Онлайн режимде өткен Бас мүфтидің жұма насихаты «Ислам – тазалық діні» тақырыбында өрбіді. ҚМДБ Төрағасы сөз басын елде болып жатқан төтенше жағдай жайлы айтып-түсіндіруден бастады.

Одан әрі мешіттерде жұма және жамағатпен оқылатын намаздарды оқымауға қатысты мұсылман елдері шығарған пәтуаға, сондай-ақ осы мәселеге қатысты мүфтияттың шығарған пәтуасына тоқталды. Наурызбай қажы Тағанұлы бұл пәтуаның жамағатты жұқпалы аурудан сақтандыру мақсатында шығарылғанын алға тартып, түсіністікпен қабылдауға шақырды. Бас мүфти сондай-ақ жұртшылықты сабырға шақырып, індеттің алдын алу үшін тазалық сақтап жүруге, салауат, дұға, садақа жасау, кешірім тілеу, қайырымдылық секілді сауапты амалдар жасауға үндеді.

Сөз соңында Наурызбай қажы Тағанұлы жұқпалы дертпен күресіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтып, науқастарға шипа тіледі. Елдің амандығы, жұрттың тыныштығы және атышулы індеттің беті қайтып, мешіттердің қайтадан жамағатқа толуы үшін Алла Тағалаға дұға етті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі