Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ МЕДРЕСЕ ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.03.2020 4538 0 пікір
БАС МҮФТИ МЕДРЕСЕ ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Үшқоңыр» медресе-колледжінің директоры Абзал Әміровты қабылдады. Кездесуге ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев қатысты.

Басқосуда медресе директоры Бас мүфтиге діни оқу ордасының ағымдағы жұмыс есебін баяндады. Сонымен қатар ғылыми жобалармен айналысып жатқан шәкірттердің жетістіктері туралы әңгімелеп берді.

Сапалы діни кадр даярлауға аса мән беру қажеттігіне айрықша тоқталған Наурызбай қажы Тағанұлы: «Медресенің жұмыс бағыты тек шәкірт тәрбиелеумен шектелмеу керек. Біздің мақсатымыз – сапалы кадр даярлап, барлық мешітті толықтай дін қызметкерімен қамтамасыз ету. Шәкірттерді қызметке бөлу ісіне асқан жауапкершілікпен қараңыз. Осы бағыттағы шараларды Діни білім және кадр даярлау бөлімімен бірлесе жүзеге асырыңыз. Қай өңірге қанша маман қажет? Бұл мәселе бойынша арнайы мониторинг жүргізілсін», – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу барысында ҚМДБ Төрағасы медресе-колледж жұмыстарына қолдау көрсетіп, жанашырлық танытып келе жатқан «Қожа Ахмет Ясауи білім және парасат» қоғамдық қорының директоры Нұржан Жанқараевқа алғысын білдірді.

Басқосу соңында Бас мүфти медресе директорына нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру