Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ТҮРКИЯ ЕЛШІСІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі www.muftyat.kz 10.03.2020 3978 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ТҮРКИЯ ЕЛШІСІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджи мырзамен кездесті.

Екі жақты ресми кездесуде бауырлас елдердің байланысы сөз болды. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасы арасында қабылданған екі жақты меморандум аясында жүзеге асып жатқан жобалар туралы әңгімелесті.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ның игі бастамаларына қолдау көрсетіп келе жатқан Түркия дін істері басқармасына алғысын айта келе: «Қазақ пен түрік – түбі бір, діні бір ең жақын бауырлас ел. Бүгінде екі ел арасындағы байланыс күн санап артуда. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өту керек. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев сол сабақтастықты ары қарай жалғастыруда. Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған ең алғашқы мемлекет – Түркия. Бұл – түрік халқының қазақ ұлтына деген меймандостығы мен жанашырлығын дәлелдейтін тарихи оқиға», – деді.

Өз кезегінде Өкілетті Елші Уфук Екиджи ҚМДБ мен Түркия дін істері басқармасы арасындағы әріптестік байланысты арттыра түсуге ниетті екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру