Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ УКРАИНА МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО

ҚМДБ Баспасөз қызметі www.muftyat.kz 04.03.2020 3229 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ УКРАИНА МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен «Имам Матуриди тағылымы: өткені мен бүгіні» атты халықаралық конференция аясында Украина мүфтиі, шейх Ахмет Тамиммен кездесті.

Кездесуде жаһандық сын-қатерге жауап беруде мұсылман үмбетінің өзара ынтымағын арттыру, деструктивті діни ағымдардың теріс үгіт-насихат жұмыстарына жол бермеу, тәжірибе алмасу шараларын ұйымдастыру, діни оқу-ағарту саласы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру, т.б. мәселелер талқыланды.

Өз кезегінде Украина мүфтиі, шейх Ахмет Тамим Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын жаңа қызметімен құттықтап, игі тілегін жеткізді. Сонымен қатар Украинаға ресми сапармен келуді ұсынды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру