Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 29.02.2020 3953 0 пікір
ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапары аясында Алматыдағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында болып, оқу ордасының жұмыс есебін тыңдады.

Бас мүфтиге атқарылған жұмыстардың есебін баяндаған институт директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы 2001-2019 жылдар арасында әр өңірден келген 1925 дін қызметкері арнайы тәлімдік курстан өткенін жеткізді. Сонымен қатар, Ислам институтының алда атқарар жұмыстарының жоспарымен таныстырды.

Дін қызметкерінің білімі мен біліктілігін арттырудың маңыздылығына айрықша тоқталған Наурызбай қажы Тағанұлы: «Имам-молдалардың білімі мен тәжірибесін шыңдау күн тәртібіндегі басты жұмысымыз болып қала береді. Бұл бағыттағы іс-шараларымызды тоқтатпаймыз. Сондықтан, Ислам институтының оқу бағдарламасын үнемі жетілдіріп отырумыз керек. Имамдарымыз тек діни біліммен шектеліп қалмасын. Оларды ғылыми жаңалықтардан хабардар етіп, тарих пен ақпараттық технология, психология мен әдебиет салалары бойынша білімін арттыруға көңіл аударуымыз керек», – деп атап өтті.

Институттың игі бастамаларына оң баға берген Бас мүфти оқу ордасының директорына алғысы мен ілтипатын жеткізіп, дұға жасады.

Айта кетсек, Ислам институтында тәлім алып жатқан имамдар арасында Ресейдің Омбы облысы мен Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан келген қандастарымыз да бар. Жуырда 55 дін қызметкері Бас мүфти қолынан арнайы курсты бітіргенін дәлелдейтін куәлік алды.      

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру