Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«НҰР МҮБӘРАК» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 29.02.2020 1035 0 пікір
«НҰР МҮБӘРАК» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапары аясында Алматыдағы «Нұр Мүбәрак» университетінің ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жиндимен кездесті.

Кездесуге ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, «Нұр Мүбәрак» университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев қатысты.

Басқосуда ректор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди Бас мүфтиге университеттің жұмысын баяндады. ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы сапалы діни кадр даярлаудың маңызын атап өтті.

«Нұр Мүбәрак» діни кадр даярлайтын іргелі оқу ордамыз болғандықтан, университеттің тыныс-тіршілігі мен жұмысы менің жіті назарымда. Жуырда ҚМДБ «Зекет» қоры есебінен 15 студентке қосымша оқу грантын бөлдік. Діни басқарма «Нұр Мүбәрак» университетінің құрылтайшысы ретінде әрқашан қолдау көрсету шараларын жүзеге асыра береді. Алла Тағала асыл қызметтеріңізге жар болсын!» деді Бас мүфти.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі