Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ТҮРКІСТАНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі www.muftyat.kz 21.02.2020 3590 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ТҮРКІСТАНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласының әкімімен бірге жаңа нысандарды аралады.

Оның ішінде шаһардың Бекзат Саттарханов атындағы даңғылында тозығы жетіп, қайта салынғалы жатқан Хилует мешітінің құрылысымен танысты. Өйткені бұған дейін дәл осы орында XIX ғасырда салынған мешіт болған. Ескі құлшылық орны сүріліп, биыл жаңа мешіт бой көтермек.

Одан бөлек Өзбекстан республикасының Түркістан облысына сыйы ретінде салынып жатқан 5000 адам еркін сыятын мешіт құрылысын да бас мүфти көзбен көрді. Қала әкімі аталған нысандардың толық бақылауда екенін жеткізді. Өзбекстан тарапынан салынып жатқан құлшылық орны қаланың жаңа ауданында бой көтереді. Мұнан соң Рашид Абатұлы қалада басталған жаңа кешендердің де құрылысымен таныстырды.

Өз кезегінде бас мүфти Түркістан қаласының әкіміне ризашылығын білдіріп, түрленген Түркістанның бүгінгі келбетіне, рухани астананың күн санап даму деңгейіне жоғары бағасын берді. Осылайша алдағы уақытта әріптестік бағытта бірқатар жобаларды бірге жүзеге асыруға уағдаласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру