Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЕЛШІМЕН БІРҚАТАР ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 20.02.2020 3227 0 пікір
БАС МҮФТИ ЕЛШІМЕН БІРҚАТАР ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Ахмед әл-Жабер мырзамен кездесті.

Кездесуде қайырымдылық, ағартушылық бағыттар бойынша бірқатар жобалардың жоспары талқыланды. Бас мүфти Діни басқарманың игі бастамаларына қолдау көрсетіп келе жатқан дипломатқа алғысын білдірді.

«Алла Тағала қасиетті Құранда бір-бірімізге жақсы істерде жәрдемші болуды бұйырды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысына қолдау көрсетіп келе жатқан Сізге, елшілік ұжымына өз атымнан айрықша алғысым мен риясыз ризашылығымды білдіремін. Алла разы болсын! Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы бауырластық байланыстың артуына ықпал етіп жатқан Сіз басқаратын елшіліктің жұмысына Алладан берекет тілеймін» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында тараптар игі жобаларды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты.   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру