Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ДҮНГЕН ҰЛТЫНЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі www.muftyat.kz 17.02.2020 1545 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ДҮНГЕН ҰЛТЫНЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Жамбыл облысына арнайы келген ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қордай ауданы, Сортөбе елдімекенінде қайтыс болған Рамазан Харсановтың үйіне арнайы барды.

 Әлі де абыр-сабыр күй кешіп отырған әулетке басу айтып, сабырға шақырды.

«Мұсылманның  мұсылман алдындағы  міндеттері бірі – бауырына мейірімді болу. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мүміндер бір-біріне сүйіспеншілік, мейірімділік және жанашырлық танытуда біртұтас дене тәрізді. Адамның бір жері ауырса, ұйқысы қашып, ыстығы көтеріліп, бүкіл денесі ауырған жерінің мұңына ортақтасады» деген. Міне, біз де соған сай амал етуіміз керек» деді Бас мүфти қара жамылған отбасыға көңіл айта барып.

Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы осы сапарында Сортөбе елдімекенінде тұратын дүнген ұлтының өкілдерімен де кездесіп, бірлік, татулық турасында уағыз айтты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі