Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚОРДАЙ ҚАРИЛАР ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 15.02.2020 4513 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚОРДАЙ ҚАРИЛАР ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

Жамбыл облысындағы діни ахуал мен дүнген ауылдарының қазіргі хәлін білуге арнайы келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қордай қарилар дайындау орталығының жай-күйімен танысты.

Бас мүфтимен бірге осы сапарда ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев және Жамбыл облысының бас имамы Қанат Жұмағұл болды.

Бейбіт Мырзагелдиев Бас мүфтиге қарилар дайындау орталығының бүгінгі тынысы туралы баяндады. Кітапханадан бастап орталықты толық аралаған ҚМДБ Төрағасы әр шәкіртпен жеке-жеке сөйлесті. Сондай-ақ ұстаздармен арнайы жиналыс өткізді.

Шағын құрамда өткен жиында көптеген ойлар ортаға салынды. Соның ішінде алдағы уақытта шәкірттердің ілімін көтеру мақсатында елімізге белгілі имамдарды, РАНТ мүшелерін сабақ беруге шақыру жайлы ұсыныс айтылды. Бұл ұсынысқа Бас мүфти қолдау білдірді.

«Қоғам күн сайын өзгеруде. Бүгін алған біліміңді ертең жаңартуға тура келеді. Сондықтан шәкірттерге қойылар талапты күшейту қажет. Егер алған білімі пайдасыз болса, өзіне зиян. Сондықтан болашақ қариларымыздың санасы сергек, ойы ұшқыр болсын» дей келе Наурызбай қажы Тағанұлы орталық ұстаздарына діни ғана емес, қоғам талабына сай зайырлы білім беруді де жетілдіре түсу керектігін ескертті.

Айта кетейік, Қордай қарилар дайындау орталығы 2018 жылы ашылған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру