Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ӘБСАТТАР ҚАЖЫНЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 13.02.2020 1175 0 пікір
БАС МҮФТИ ӘБСАТТАР ҚАЖЫНЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ (ФОТО)

Алматыға арнайы келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, белгілі ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті.

Әбсаттар Бағысбайұлы Наурызбай қажы Тағанұлын жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Діни басқармада 10 жылдан аса қызмет атқарған бұрынғы мүфти жаңа мүфтиге бата беріп, ізгі ниетін жеткізді.

«Елге қызмет етуде аянбаңдар. Діни салаға өзіңдей білікті басшы, діндар азаматтың көмегі қашан да керек. Сондықтан өзіңе әрдайым тілектеспін» деді Әбсаттар қажы Дербісәлі.

Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы: «Бізге бағыт-бағдар беріп, дін жолында үлгі болып, көрсеткен күш-жігер, ағалық ақылыңыз үшін алғыс айтамын» деді. Сондай-ақ Бас мүфти ұсынысымен Діни басқарма жанынан құрылатын Ақсақалдар алқасына мүшелікке өтуге Әбсаттар қажы қуана келісімін берді.

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Әбсаттар қажының иығына шапан жауып, Діни басқарманың 30 жылдығына орай жасалған кәде-сыйды тарту етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі