Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БЕЛАРУСЬ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.02.2020 2860 1 пікір
БЕЛАРУСЬ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ (ФОТО)

Беларусь Республикасының мұсылмандары діни басқармасы мүфтиі Али Воронович Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын жаңа қызметімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

«Беларусь республикасының мұсылмандары діни басқармасы, Беларусь мұсылмандары және жеке өзімнің атымнан жаңа қызметке сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан мұсылмандары және бүкіл халық үшін қызмет жасауға сізге Алла Тағала жәрдем берсін!

Екі ел арасындағы мұсылмандардың бауырлық байланысы Беларусь пен Қазақстан арасындағы көршілес қарым-қатынасты күшейте түсетініне сенімдімін» делінген құттықтау хатында.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Абдурахман | 11.02.2020 01:50

 Ассаламу алейкум! Тақырыпта қате кетіпті. ,,ҚМДБ" дегенде. Жөндеп қойсаңыздар!!!

Администратор | 12.02.2020 10:11

уағалейкумассалам! рақмет, жөндедік.