Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ ЖАҢА БАС МҮФТИДІ ҚЫЗМЕТІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 08.02.2020 3113 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ ЖАҢА БАС МҮФТИДІ ҚЫЗМЕТІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.

Облыс әкімі ҚМДБ Төрағасының жаңа қызметіңізге сәттілік тілей келе «Бүгінде өзіңіз басқарып отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын! Діни басқарма жұртшылықты жақсылыққа үндеп, иманды істерге ұйытқы болып, еліміздің мұсылман жамағатының ынтымақ-бірлігін сақтауға орасан қызмет атқаруда. Алдағы уақытта ел ертеңі үшін ортақ мүдде жолында табандылықпен жұмыс жасай беретіндеріңізге сенемін» дейді құттықтау хатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру