Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: КЕЗЕКТЕН ТЫС ІХ ҚҰРЫЛТАЙ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 07.02.2020 4423 0 пікір
ҚМДБ: КЕЗЕКТЕН ТЫС ІХ ҚҰРЫЛТАЙ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін Елордада Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс ІХ Құрылтайы өтті.

Құрылтай жұмысына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, бұрынғы мүфтилер – Серікбай қажы Ораз, Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, ҚМДБ Төралқа мүшелері, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, теолог-ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, еліміздің әр облысынан келген 300 делегат қатысты.

Құрылтайда ҚМДБ Жарғысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, Діни басқарманың құрылғанына 30 жыл толуына байланысты жүзеге асып жатқан 30 игі шараның жоспары пысықталды.

Құрылтай барысында Серікбай қажы Ораз Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын ұсынды. Еліміздің әр облысынан келген 300 делегат Серікбай қажы Ораздың ұсынысын қолдап, бірауыздан дауыс беріп, Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфтилікке сайлады.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру