Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ-30: БАӘ ЕЛШІСІ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

muftyat.kz 23.01.2020 3289 0 пікір
ҚМДБ-30: БАӘ ЕЛШІСІ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммад Ахмад Әлджабер ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразға құттықтау хатын жолдады.

ҚМДБ қызметкерлерін 30 жылдық мерейтойымен құттықтаған М.Әлджабер құттықтау хатында ізгі тілегі мен ниетін жеткізген.

«Қазақстан Республикасының сындарлы саясаты негізінде қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты күшейтуде, конфессияаралық татулықты нығайтуда және дұрыс бағыттағы діни ұстанымдарды дәріптеуде Діни басқарманың үлесі орасан зор.

Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Сізге және өзіңіз басқарып отырған Діни басқарманың ұжымына зор денсаулық, бақыт, құт-береке және атқарып отырған игі істеріңізге сәттілік тілеймін» делінген БАӘ елшісінің құттықтау хатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру