Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ-30: МИНИСТР 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 14.01.2020 674 0 пікір
ҚМДБ-30: МИНИСТР 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ (ФОТО)

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Бас мүфти Серікбай қажы Оразға құттықтау хат жолдады. ҚМДБ қызметкерлерін 30 жылдық мерейтойымен құттықтаған Дәурен Әскербекұлы өзінің игі тілегі мен ниетін жеткізген.

«Сізді өзіңіз басқарып отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын!

Бүгінде Діни басқарма жұртшылықты жақсылыққа үндеп, иманды істерге ұйытқы болып, еліміздің мұсылман жамағатының ынтымақ-бірлігін сақтауға орасан қызмет атқаруда. Алдағы уақытта да ел ертеңі үшін ортақ мүдде жолында табандылықпен жұмыс жасай беретіндеріңізге сенемін.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халық арасында жауапкершілігі мен сауабы мол рухани қызметіне зор жетістіктер мен толағай табыстар тілеймін!» делінген министрдің құттықтау хатында.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі