Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ-30: БАС МҮФТИ ӘБСАТТАР ДЕРБІСӘЛІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 13.01.2020 4264 0 пікір
ҚМДБ-30: БАС МҮФТИ ӘБСАТТАР ДЕРБІСӘЛІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласында Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, профессор Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті.

Кездесуде Серікбай қажы Ораз мүфтияттың 30 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асатын 30 игі шараның жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар, ҚМДБ ұйымдастыруымен өтетін әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175, мүфтияттың 30 жылдық мерейтойына орай жоспарланған халықаралық конференциялардың бағдарламасымен таныстырды.

Өз кезегінде Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы Әбсаттар қажы Дербісәлінің ҚМДБ тізгінін қолға алған жылдар діни сала үшін өрлеу, ағарту кезеңі болғанын айрықша атап өтіп, елеулі еңбегіне ізгі ниеті мен алғысын жеткізді.

Кездесу соңында дін қайраткерлері елдің игілігі мен бірлігі жолында қызмет етудің маңызына тоқталып, ортақ шараларды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру