Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Смағұл ЕЛУБАЙ: МҮФТИЯТ ТӨҢІРЕГІНЕ ТОПТАСУЫМЫЗ КЕРЕК (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 12.01.2020 541 0 пікір
Смағұл ЕЛУБАЙ: МҮФТИЯТ ТӨҢІРЕГІНЕ ТОПТАСУЫМЫЗ КЕРЕК (ФОТО)

Бүгін Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өткен дөңгелек үстелде белгілі жазушы Смағұл Елубай осылай деді.

"Иманды қоғам құруға баршамыз үлес қосуымыз қажет. Өз басым жазушы ретінде кітап жазып, ғибратты тарихи киноларға сценарий дайындап жүрмін. Әрине, имандылыққа үндеу ісінде мүфтияттың қызметі үлкен маңызға ие. 30 жылдық мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын. Біз, зиялы қауым өкілдері Діни басқарма төңірегіне топтаса алуымыз керек. Сонда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз. Әйтпесе, жастар тәрбиесі өзекті мәселеге айналды", - деді Смағұл Елубай.

Айта кетсек, бүгін, яғни 2020 жылдың 12 қаңтары – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі