Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙ ТАРИХИ КӨРМЕДЕН БАСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 12.01.2020 1297 0 пікір
ҚМДБ: 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙ ТАРИХИ КӨРМЕДЕН БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін, 12 қаңтар – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылған күн. Осынау тарихи күнге орай бүгін Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада мүфтияттың тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігінен сыр шертетін көрме шарасы өтті.

Игі іс-шараға Қазақтанның алғашқы мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы, академик Мұрат Жұрынов, Нұр-Мүбәрак университеті ректорының кеңесшісі, бұрынғы мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, жазушы, қаламгерлер – Смағұл Елубай, Марат Тоқашбаев, қоғам қайраткерлері – Жақсылық Үшкемпіров, Айгүл Ісмақова, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат қажы Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Қайырбекқызы, елімізге танымал ғалымдар мен Алматы қаласының имамдары қатысты.

Ұлттық кітапханада ұйымдастырылған көрмеде ХІІ, XVIII ғасырда жарық көрген Құранның көне нұсқалары, тарихи қолжазбалар, мүфтиятты әр жылдары басқарған мүфтилердің кітаптары, діни-тарихи еңбектер қойылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі