Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНЕ САДАҚА ТЕРМИНАЛДАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

http://muslim.kz/ 27.11.2019 3199 0 пікір
ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНЕ САДАҚА ТЕРМИНАЛДАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде елордадағы құлшылық ордаларына садақа терминалдарын орнату салтанатты шарасы өтті. Айтулы оқиғаға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бастаған министрлік өкілдері, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы және елордалық имамдар мен мешіт жамағаты қатысты.

Іс-шарада ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти елордадағы барлық 12 мешітке 32 электронды терминал орнатылғанын жеткізді. Сондай-ақ, терминалдарды орнату жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

Дәурен Абаев заманауи тәсілді қолданысқа енгізу халық алдында Діни басқарманың есеп айырысу шотына азаматтардан қолма-қол ақшасыз қайырымдылықтың түсуі ҚМДБ-ның қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығы мен жариялылығына оң септігін тигізетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, министр мен Бас мүфти «Әлжан ана» мешітінде елорда имамдарымен кездесіп, олардың ағартушылық қызметіне қатысты мәселелерді талқылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру