Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПКЕ ҚАТЫСТЫ АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 26.11.2019 4212 0 пікір
ҚМДБ: ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПКЕ ҚАТЫСТЫ АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін Елордада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен кезекті аппарат жиналысы өтті.

Жиналысқа бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, бөлім басшылары мен мамандары қатысты.

Басқосуда 2019 жылда атқарылған іс-шаралардың есебі тыңдалатын кеңейтілген Төралқа мәжілісіне дайындық жұмыстары пысықталды. Сонымен қатар, 2020 жылы жүзеге асатын жобалар, атап айтқанда, мүфтияттың 30 жылдық мерейтойына орай өткізілетін ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен қайырымдылық акциялардың жоспары талқыланды.

Жиналыс соңында Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы ҚМДБ туралы деректі фильм түсіру қажеттігіне тоқталып, бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, мүфтияттың 30 жылдық мерейтойына байланысты 30 игі шараны жүзеге асыруды тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру