Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ПӘТУАҒА ЖАУАПТЫ ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласының баспасөз қызметі 22.11.2019 720 0 пікір
ПӘТУАҒА ЖАУАПТЫ ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің бастамасымен Шымкент қаласында «Шариғат және пәтуа берудің ережелері мен әдіс-тәсілдері» атты аймақтық семинар өтті.

Семинарда ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Шоқанов пәтуаға жауапты имамдарға дәріс оқыды.

Дәріс барысында неке және отбасы, фиқһ саласы, ақида мәселелері т.б. ҚМДБ тарапынан қабылданған пәтуалардың мазмұны түсіндіріліп, оны халыққа жеткізу жолдары, әдіс-тәсілдері талқыланды.

Сондай-ақ, семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Жалпы, семинар екі күнге жалғасып, барлық қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі