Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти Оралбай Әбдікәрімовпен сұхбаттасты

https://www.muftyat.kz/ 19.11.2019 3451 0 пікір
Наиб мүфти Оралбай Әбдікәрімовпен сұхбаттасты

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас кеңсесінде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімовпен кездесті.

Мүфтияттың жаңа ғимаратына алғаш рет келген Оралбай Әбдікәрімов діни басқарманың кеңселерін аралап көрді. Сондай-ақ тарихи мешіттер мен кесенелердің макеті орналасқан залды тамашалады. ҚМДБ-ның жаңа төл басылымы «Мұнара» газетінің редакциясында болып, басылымға ақ тілегін арнады.

Бұдан кейін Оралбай Әбдікәрімов пен Наурызбай қажы Тағанұлы екеуара сұхбат құрды. Олар Мәуліт айының қасиеті туралы әңгімелеп, руханият саласындағы ел жетістіктері туралы айтты. Соңғы кездері тарих, шежіре тақырыптары қызықтырып жүргенін атап өтті. Наиб мүфти Оралбай Әбдікәрімовті осы айдың соңғы жексенбісі күні елордада өтетін Мәуліт кешіне шақырды.

Сұхбат соңында Оралбай Әбдікәрімов Наурызбай қажы Тағанұлына ризашылық білдіріп, өз кітаптарын муфтияттың кітапханасына сыйға тартатынын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру