Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Зекет» қоры мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

«Зекет» қорының баспасөз қызметі 08.11.2019 2969 0 пікір
«Зекет» қоры мұқтаж отбасыларға  көмек көрсетті

«Зекет» қорына көмек сұрап келетін мұқтаждар саны өте көп. Қор қызметкерлері мұқтаждарды іріктеп, өтініш жазғандардың жағдайларын көріп, сол жерде көмек көрсету мақсатында үйлерін аралайды.

Осы жолы «Зекет» қорының директоры Талғат Сейіткәрімұлы бастаған қор қызметкерлері 3 мұқтаж отбасының үйлеріне ат басын тіреді. Бұл отбасыларға азық-түлікпен, киім-кешекпен көмек берілді. Алдағы уақытта ет, көкөністер мен жеміс-жидектер апару жоспарда бар.  

«Зекет» қоры игі, ізгі, сауапты іс-шараларға ат салысқан азаматтарға алғысын білдіреді.

Сондай-ақ, «Зекет» қорымен бірге мұқтаж жандарға көмек көрсетуге ниет етсеңіз, мына телефон нөмеріне хабарлассаңыз болады: 8-775-417-19-12.

Алла хайырлы амалдарымызды қабыл еткей!


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру