Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ӘЛЕМДІК ҒҰЛАМАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

www.muftyat.kz 22.10.2019 3033 0 пікір
БӨЛІМ БАСШЫСЫ ӘЛЕМДІК ҒҰЛАМАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

15-16 қазан күндері Каир қаласында Мысыр мемлекеті президентінің қолдауымен және Мысыр пәтуа бөлімінің ұйымдастыруымен «Фиқһи тартысты мәдениетті түрде шешу» атты халықаралық конференция болып өтті.

Конференцияға 83 мемлекеттен муфтилер мен дін жөніндегі министрлік өкілдері, елшілер, Ислам әлемінің көрнекті ғалымдары қатысты.

Еліміз тарапынан аталмыш конференцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы барды.

Екі күнге созылған конференцияда фиқһи тартыстарды мәдениетті түрде шешу, сондай-ақ пәтуа беруге қатысты көптеген мәселелер қаралды. Сонымен қатар Орта Азия және Қазақстан елдерінің әрбір мүфтилігінен бір адамнан осы жиынға мүше етіп тағайындау керектігі жөнінде ұйымдастырушы тарапқа ұсыныс айтылды.

Мысыр елінің қолдауымен өткен бұл конференцияның мұсылман әлеміне ғана емес бүкіл адамзатқа берер пайдасы мол.

Сансызбай Құрбанұлы сапар аясында Мысыр елінде оқып жатқан Қазақстан студенттерімен кездесіп, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың сәлемін жеткізді.







Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру