Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЖЫЛЫҚТАҒЫ УАҒЫЗ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

www.muftyat.kz 03.08.2019 3364 0 пікір
ҚАЖЫЛЫҚТАҒЫ УАҒЫЗ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін Мекке қаласында арнайы іссапармен жүрген Қазақстан қажылық миссиясының екінші отырысы өтті.

Алдымен миссия төрағасы Алау Әділбаев кешегі атқарылған жұмыстарға тоқталып, келер күннің жоспарын бекітті. Өз кезегінде төраға орынбасары Ғылымбек Мәжиев миссия мүшелерінің есебін тыңдап, есепке сәйкес жоспарға қосымша ұсыныстар енгізді. Сондай ақ ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділла Бекжігітов ұйымдастырушылық жұмыстардың ойдағыдай өтіп жатқанын атап өтті. Оның ішінде елімізден тікелей ұшатын әуе рейстерінің бірқалыпқа түскенін жеткізді. Жиында көтерілген маңызды мәселе ол уағызшылардың жұмысын біркелкі ету. Осы жайтқа баса назар аударған ҚМДБ уағыз және насихат бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы қажылық кезінде арнайы бір жүйеге бағынатынына тоқталды.

"Маңызды деген тақырыптар бекітіліп, әр күнге уағыз айтушылар іріктеліп алынды. Бұл өз кезегінде уағызшылардың жұмысын жеңілдетіп, насихат айту жағын сапалы ете түседі",- деді Алтынбек Ұтысханұлы.

Оған қоса жиын барысында пәтуа бөлімінің де атқарған жұмыстары талқыланды. Сектор меңгерушісі Медет Құрсақов осы уақытқа дейін қажылыққа қатысты 10-ға жуық сұрақ келіп түсіп, дер кезінде жауап берілгеніне тоқталды. Қажылық маусымы аяқталған соң ҚМДБ тарапынан маңызды сұрақтар іріктеліп кітап болып шығады деп жоспарланды.

Айта кетейік, биыл ҚМДБ тікелей ұйытқы болуымен "Қажылық уағызы" атты кітап жарыққа шыққан болатын.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру