Кеден одағына мүше елдер арасындағы тауар айналымның 30 %-ға жуығын «Халал» тағам өнімдері құрайды.
Оның бір бөлігі Татарстаннан келіп жатыр. Осыған орай екі ел арасында сертификатталған халал өнімдерді тосқауылсыз экспортқа шығару және елімізге импорттау мүмкіндігін жасау үшін Татарстан Мұсылмандары Діни Басқармасының «Халал» стандарттау комитетінің төрағасы Зиганшин Ирек пен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның директоры Ануарбек Елжанов арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Бұл меморандум негізінде тараптар «Халал» саласын дамыту жолында бірлесе күш жұмылдырып, бірлесіп семинарлар, кездесулер ұйымдастыру, ғылыми жұмыстарды атқару, оқыту, білім жетілдіру семинарларын жүзеге асырмақ.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
31.07.2019
3795
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру