Бүгін елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында бой көтерген мұсылмандардың қарашаңырағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратында ҚМДБ-ның Бірінші төраға орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы, «Діни білім жəне кадр даярлау» бөлімінің меңгерушісі Мырзагелдиев Бейбіт және ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-нің директоры Елжанов Ануарбек Татарстан Республикасының Діни басқармасына қарасты Халал стандарттау комитетінің төрағасы Зиганшин Ирек Хамисұлы мен «Ислам мемлекеттерінде стандарттау және метрология институты» ұйымының бас хатшысы Ихсан Овютпен кездесті.
Басқосуда қонақтар ҚМДБ-ның жалпы жұмысымен танысып, «Халал Даму» мен SMIIC және Татарстан Халал комитетінің бірлескен жобаларын жүзеге асыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, екі жақты кездесуде тараптар осы салада өзара тəжірибе алмасуға уағдаласты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
31.07.2019
3661
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру