Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Арыстағы әскери бөлімде болған жарылыстан қаза тапқан азаматтың жаназасын шығарды.
Шымкент қаласындағы "Ақ мешіт" құлшылық үйінің ауласында өткен жаназа рəсіміне қала әкімі Ғабидолла Əбдірахымов, белгілі жазушы Мархабат Байғұт, мыңнан астам жамағат қатысты.
Бас мүфти азаматынан айырылған отбасына көңіл айтып, дұға жасады.
Жамағат алдында уағыз айтқан Серікбай қажы Ораз:
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы апаттан ажал құшқан азаматтың отбасына қаржылай көмек көрсетті. Сонымен қатар, ҚМДБ қызметкерлері Арыс тұрғындарына бір күндік жалақыларын аударды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
26.06.2019
4543
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру