Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Зекет» қоры елордамыздағы 50 отбасыға азық-түлік таратты

«Зекет» қорының баспасөз қызметі 09.04.2019 3520 0 пікір
«Зекет» қоры елордамыздағы 50 отбасыға азық-түлік таратты

«Тайқазан» жобасы аясында ай сайын жетім мен жесірлерге, мүгедек балалары бар отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылған жандарға демеу көрсетіледі. Әрбір азық-түлік себетінде жарма өнімдері, сұйық май, макарон өнімдері, қант, тұз, бұрыш, томат пен шай бар. Жалпы салмағы 40 килограммнан асады.

«Зекет» қорының атқарушы директоры Талғат Сейіткәрімұлы шараға қатысып, қайырымдылық жасаудың маңыздылығы жайлы сөз қозғап, арнайы келген «Асыл арна» телеарнасына қордың жұмысы туралы сұхбат берді. Айта кетсек, «Зекет» қоры қаламыздың тұрғындары тапсырған аяқ киім, ыдыс-аяқ, балаларға ойыншықтар мен киім-кешекті апта сайын көмекке зәру жандарға таратып тұрады.

Егер қайырымдылық істерде қандай да бір көмек көрсетуге дайын болсаңыз, мына телефон номерлері бойынша хабарласуларыңызға болады: 8 775 417 19 12; 8 708 723 74 09

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру