Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ХАЛАЛ ӨНІМДЕРІН СТАНДАРТТАУ БӨЛІМІНІҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

www.muftyat.kz 01.03.2019 3425 0 пікір
ХАЛАЛ ӨНІМДЕРІН СТАНДАРТТАУ БӨЛІМІНІҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

Жуырда Елордамыз Астанада бой көтерген мұсылмандардың қара шаңырағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратында ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау және сертификаттау бөлімінің облыстық өкілдеріне арналған оқу-семинар өткізілді.

Жиынға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, төраға орынбасары, наиб мүфти Б.Есмахан, Ұлттық аккредиттеу орталығының жетекші-сарапшы маманы Б.Сарсенбайұлы, пәтуа бөлімінің маманы Х.Аманқұлов, халал өнімдерін стандарттау және сертификаттау бөлімінің меңгерушісі Б.Мырзагелдиев, «Халал Даму» ЖШС директоры А.Елжанов және еліміздің 14 облысы бойынша жауапты 19 өкіл мен бөлім қызметкерлері қатысты.

Оқу-семинардың шымылдығын ашқан Бас мүфти облыстық халал өкілдерінің атқарған жұмысының жылдық қорытынды есебін тыңдап, үздік нәтежие көрсетіп, белсенді қызмет атқарған 8 қызметкерді, атап айтқанда, А.Ізімбайұлы, Ж.Ахметбекұлы, П.Шарапатова, Қ.Сұлтанбекұлы, Н.Халматұлы, Н.Мутаұлы, М.Мұхтарханұлы, Т.Серікқанұлын өз атынан тағайындалған арнайы алғыс хатпен марапаттап, алдағы уақытта жүктелген жұмысты бұдан да жоғары деңгейде атқаратындарына сенім білдірді.

Сонымен қатар, ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Б.Есмахан «Халал Даму» ЖШС-нің 16 қызметкеріне өз атынан ұсынылған арнайы алғыс хат тапсырды.

Мәжіліс соңында барлық тыңдаушылар халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Б.Мырзагелдиев пен «Халал Даму» ЖШС директоры А.Елжановтың қолынан оқу-семинарға қатысқандығын растайтын куәлікке ие болды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру