Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МҮФТИЯТ КОМАНДАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ФУТБОЛ ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

www.muftyat.kz 24.12.2018 4055 0 пікір
МҮФТИЯТ КОМАНДАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ФУТБОЛ ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының футбол командасы Астана қаласында Nurorda мектеп-лицейінде өткен қайырымдылық футбол турниріне қатысты.

"Шараның мақсаты - сал ауруына шалдыққан Алдияр Шəріптің ем-домына қаржылай қолдау көрсету. Жарнадан түскен қаражат түгелдей 7 жасар Алдиярдың еміне жұмсалады", - деді қайырымдылық турнирін ұйымдастырушы, "Хабар" арнасының продюсері Ысқақ Егембердиев.

Турнирге барлығы 10 команда қатысты.

Айта кетсек, ҚМДБ-ның негізгі жұмыс бағыттарының бірі - қайырымдылық. Биыл тек "Мектепке жол" акциясы аясында 20 248 оқушыға қажетті оқу құралдары берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру