Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ МЫСЫРДЫҢ УАҚЫФ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

www.muftyat.kz 20.11.2018 4696 0 пікір
БАС МҮФТИ МЫСЫРДЫҢ УАҚЫФ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Египет Араб Республикасына жасаған ресми іс-сапары барысында Мысырдың Уақыф министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма мырзамен кездесті. Басқосуға Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев және Уганда мүфтиі Шағбан Рамазан қатысты.

Кездесуде мұсылман үмбетінің бірлігі, заманауи өзекті пəтуалар шығарудың маңыздылығы, діни ағарту, ислами білім мен ғылымды дамыту, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Уақыф министрлігінің бірлескен жобаларын жүзеге асыру мəселелері сөз болды.

"Қазақстан мен Мысырдың ежелден қалыптасқан тарихи байланысы бар. Діни саладағы жолымыз бір. Бүгінгі өзекті мəселенің бірі - мұсылман үмбетінің бірлігін арттырып, өзара түсінігін қалыптастыру. Осы бағытта бірлесе қызмет етуіміз тиіс", - деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру