Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз жуырда тағайындалған "Уақып" қайырымдылық қорының жаңа президенті Қайрат Әзімовпен кездесті.
Бас мүфти Қайрат Мұратұлын жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына игілік пен береке тіледі. Кездесуде дін қызметкерлерінің әлеуметтік мәселесін толыққанды шешу, қайырымдылық бағытында республикалық маңызды іс-шараларды бірлесе атқару, білім, ғылым, діни ағарту жолында біріккен жобаларды жүзеге асыру, т.б. мәселелер талқыланды.
Өз кезегінде сөз алған Қ.Әзімов еш жерден жалақы алмайтын дін қызметкерлерінің әлеуметтік мәселесін шешу бағытында оң шешім қабылданатынын мәлімдеді.
Басқосу барысында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын қаржыландыруға қатысты жобалармен бөлісті. Сонымен қатар, ҚМДБ "Қажылық" қоры есебінен 100 имамға жалақы тағайындалғанын жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
16.11.2018
5701
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру