Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

САНСЫЗБАЙ ҚҰРБАНҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

www.muftyat.kz 31.10.2018 4115 0 пікір
САНСЫЗБАЙ ҚҰРБАНҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ҚМБД «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Алматы қаласына қарасты мешіт имамдарына жиналыс өткізді. Жиналысқа Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Ғұламалар Кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре, Бауыржан Әлиұлы, аудан имамдары қатысты.

Аудан имамдары «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісіне Алматы қаласы мешіттеріндегі құлшылық амалдарының орындалуы жайлы баяндап, мешіттерге шариғи үкім немесе пәтуа сұрап келетін жамағаттың негізгі мәселелері жайлы сөз қозғады. 

Шариғи үкімнің, берген пәтуаның жоғары жауапкершілігін ескерткен Сансызбай Құрбанұлы:

«Мешітке келуші жамағаттың мазалаған сұрақтары жауапсыз қалмауы тиіс. Бұл ретте, үкім шығарудың өзіндік реті, тәртібі қатаң ескерілуі қажет. Пәтуа шариғаттың негізгі мақсаттарына, кескін дәлелдерге, бірауыздан келісілген мәселелерге, фиқһи жалпылама қағидаға қайшы келмеуі керек. Қоғамда орын алған өзекті мәселелерге дер кезінде пәтуа беру «Шариғат және пәтуа бөлімі», одан жоғары Ғұламалар Кеңесінің құзырында. Сондықтан да, күрделі мәселелер Кеңестің отырысында талқыланып, шешімі шығарылады» - деп, көпшіліктің көкейіндегі мәселелерге аса мән беруге шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру