Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ ҒЫЛЫМИ-ТƏЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 22.10.2018 3325 0 пікір
НАИБ МҮФТИ ҒЫЛЫМИ-ТƏЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
Астанада Рухани келісім күніне орайластырылған «Қазақстандық жол: сұхбаттастықтан рухани келісімге» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
 
Аталмыш шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Əбдірашұлы қатысып, «Рухани келісім – тұрақтылық кепілі» тақырыбында баяндама жасады.
 
"Тәуелсіз Қазақстанның 27 жыл ішінде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі -  қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Алла Тағала Құран-Кәрімде: «Әй адам баласы! Шүбәсыз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық» (Хұжурат, 13) деп, адамзат баласының әртүрлі реңкте жаратылғанын айтады. Бүгінгі таңда рухани келісім көптеген елдер үшін бірінші кезектегі міндетке айналды", - деп атап өтті наиб мүфти Б.Есмахан.
 
Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті төрағасының м.а. Қ.Жаңаханов, Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының ди⁠ректоры А.П.Абуов, т.б. дəстүрлі дін өкілдері қатысты.
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру