Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ МҰСЫЛМАННЫҢ ЖОҒАЛТҚАН ҚАЗЫНАСЫ ЖАЙЛЫ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 26.09.2018 3969 0 пікір
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ МҰСЫЛМАННЫҢ ЖОҒАЛТҚАН ҚАЗЫНАСЫ ЖАЙЛЫ АЙТТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысына жасаған сапары аясында Мұғалжар аудандық мешіттің жамағатымен жүздесті.

Уағыз айту барысында Бас мүфти:

"Білім – баға жетпес олжа, үлкен қару. Білімсіз өркениет жоқ. Бүгінгі таңда күш те, қуат та – білім мен бірлікте. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Білім мен хикмет мұсылмандардың жоғалтқан қазынасы, қай жерден тапса да иемденіп алсын», – деген. Оқу орындарында оқып жүрген ұл-қыздарымыз, бауырларымыз ел-жұртқа пайда әкелер білім ізденсе, жаһанның ең озық технологияларын үйреніп, оны өзгеге үйретсе – елге қосқан үлес осы болмақ", - деді.

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы елдің игілігі үшін дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру