Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ӨКІЛІ – АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 20.09.2018 5092 0 пікір
ҚМДБ ӨКІЛІ – АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халал Даму» ЖШС директоры Бейбіт Әліпбекұлы Мырзагелдиев Түркістан облысы Түлкібас ауданының құрметті азаматы атанды.

Бүгін Астанадағы ҚМДБ ғимаратында өткен алқалы жиында Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихаттың хатшысы Сейсенбаев Сәдуақас Балтабайұлы мен аудан әкімінің орынбасары Марат Сүгірәліұлы Бейбіт Әліпбекұлына «Түлкібас ауданының құрметті азаматы» куәлігін ресми түрде табыстады. Аудан басшылығынан келген меймандар Б.Мырзагелдиевтің еңбегі мен игі істері жайлы жылы пікірін білдірді.

Өз кезегінде сөз алған наиб мүфти Алау Әділбай мен ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев Бейбіт Әліпбекұлының діни саладағы белсенді қызметі мен ҚМДБ-ның халал стандарттау саласы бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайлы жылы пікірлерін білдірді.

Кездесу соңында сөз сөйлеген Б.Мырзагелдиев Түлкібас ауданының басшылық құрамына алғысы мен ризашылығын білдірді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру