Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Павлодар облысына жасаған іс-сапары барысында Екібастұз қалалық мешітінде болды.
Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Отарбаев Бауыржан Бас мүфтиге мешіттің тыныс-тіршілігімен, Алла үйінде атқарылып жатқан игі шаралармен таныстырды.
Мешіттің төменгі қабатында жаңадан ашылған ерлер намазханасымен, мешіт ауласындағы сауат ашу курсына арналған ғимарат құрылысымен танысқан Бас мүфти қысқа мерзім ішінде атқарылған ауқымды жұмыстар жайлы оң пікірін білдірді.
Кездесуден кейін ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы жергілікті дін қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
18.09.2018
3881
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру