Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Египет Араб Республикасына жасаған ресми сапары аясында еліміздің Египеттегі Төтенше және Өкілетті елшісі Арман Исағалиевпен кездесті.
Кездесу барысында екі елдің рухани, мәдени, білім саласындағы қарым-қатынасы сөз болды. Сонымен қатар Мысырда оқып жүрген Қазақстан азаматтары жайлы, олардың тыныс-тіршілігі, білімі туралы әңгімеленді. Арман Қайратұлы елшілік тарапынан Қазақстан азаматтарына қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.
Өз кезегінде Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Кирдегі әйгілі әл-Азһар университеті, мүфтияты мен ҚМДБ арасында қабылданған меморандум аясында жүзеге асып жатқан бірлескен жобалар мен бастамаларды атап өтті.
Кездесу соңында тараптар жоғары білікті діни маман дайындау бағытындағы іс-шараларды бірлесе атқаруға уағдаласты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
10.09.2018
3581
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру