Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Уақып» қайырымдылық қорымен бірлесе 2018 жаңа оқу жылы қарсаңында еліміз бойынша 20 248 балаға мектеп сөмкесін үлестірді.
Оқу құралдары салынған сөмке мешітке өтініш білдірген отбасылар мен жергілікті әкімдіктің ұсынған тізімі бойынша әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға таратылды.
«Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен қайырымдылық акциясына Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты. Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, балаларға арналған сыйлықты өз қолымен табыстады.
Қайырымдылық – ҚМДБ жұмыс бағыттарының бірі. Айта кетейік, жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан айт күндері (21-23 тамыз, 2018 жыл) еліміз бойынша 61 191 отбасына 439 тонна құрбандық етін үлестірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
06.09.2018
3710
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру