Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЖЫЛАРҒА 15 ДӘРІГЕР АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 04.09.2018 4124 0 пікір
ҚАЖЫЛАРҒА 15 ДӘРІГЕР АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ (ФОТО)

Қазақстан қажыларына елімізден барған 15 жоғары білімді дәрігер алғашқы медициналық көмек көрсетті. Бұл туралы Қазақстан Қажылық миссиясы Дәрігерлер тобының жетекшісі, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының қызметкері, хирург, анестезиолог-реаниматолог Дастан Мұханұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, қажылар тыныс жолдары, асқорыту, ішек, тірек-қимыл жүйесінің аурулары, жүрек-қантамыр жүйесі, жарақаттар бойынша шағыммен келген.

«Оларға дәрігерлеріміз дер кезінде көмек көрсетті. Қажылық маусымы кезінде аса ауыр жағдайда науқастанған азаматтар болған жоқ. Кейбір үлкен жастағы қариялардың қан қысымы 220-ға дейін көтерілді. Оларға дер кезінде ем-шара жасалып, қан қысымын қалыпқа келтіру үшін тиісті алғашқы медициналық қызмет көрсетілді», – деді Дәрігерлер тобының жетекшісі, хирург, анестезиолог-реаниматолог Дастан Мұханұлы.

Айта кетейік, биыл елімізден 3000 қажы парызын өтеп қайтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру