Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЖЫЛАР МƏДИНАДА ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРДІ АРАЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 31.08.2018 3603 0 пікір
ҚАЖЫЛАР МƏДИНАДА ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРДІ АРАЛАДЫ (ФОТО)
Мəдина қаласына келген Қазақстан  қажылары қасиетті орындарды зиярат етті.
Жерлестеріміз Құба мешітінде, Ұхуд шайқасы болған орында, қос құбылалы мешітте, бақиғ зиратында болды.
Құба – Ислам дініндегі ерекше мешіт. Ол Нұрлы Мəдинада тұрғызылған алғашқы Алла үйі. Құба мешітінің құрылысына пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қолы тиген.
Алла Елшісі:
 
"Құба мешітіндегі намаз – ұмраға (кіші қажылыққа) тең», – деген.
 
"Зиярат ету шарасын ұйымдастырудағы басты мақсат - қажыларымызды Ислам тарихымен терең таныстыру, пайғамбар өмірінен ғибрат алу. Кітаптан оқыған бір бөлек. Ал оны көзбен көрудің əсері үлкен болмақ. Алла Тағала еліміздің ынтымақ-бірлігін арттырып, берекетін жаудырғай», – деп атап өтті жолбасшы (гид) имам Қасым Əшімов.
 
Дін қызметкерлері қажыларға қасиетті орындардың тарихын айтып, жан-жақты түсіндіріп өтті.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру