Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЖЫЛЫҚ-2018: ДƏРІГЕРЛЕР ТƏУЛІК БОЙЫ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі  www.muftyat.kz 28.08.2018 3901 0 пікір
ҚАЖЫЛЫҚ-2018: ДƏРІГЕРЛЕР ТƏУЛІК БОЙЫ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ (ФОТО)

Қазақстан Қажылық миссиясы жанынан құрылған дəрігерлер тобы отандастарымызға тәулік бойы медициналық көмек көрсетіп келеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бөлінген дəрігерлердің айтуынша, бүгінде Қазақстан қажылары арасында ауыр науқастар жоқ. 

Азаматтардың басым бөлігі жөтел, тамақтың ауырсынуы, тұмау секілді аурудың алғашқы белгілері бойынша шағымданған.

Жерлестерімізге дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тиісті нұсқаулықтар мен кеңестер беріліп келеді.

Айта кетейік, Мекке мен Мəдина қаласында Қазақстан Қажылық миссиясының медициналық көмек көрсету орталықтары ашылып, аталған орталық отандық дəрі-дəрмектермен қамтамасыз етілген.

Қазақстан қажыларына 20 дəрігер медициналық қызмет көрсетуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру