Арапатта тұру, Мұздалифа мен Минада түнеу, шайтанға тас ату, ифада тауабын жасау, Сафа мен Мəруа жоталары арасында жүру сынды қажылықтың парыздары мен міндеттері орындалды.
Қажылық миссиясының пəтуа беру тобы қажылық парыздарының, сүннеттері мен рүкіндерінің дұрыс орындалуына назар аударды. Қажылық міндеттерін қате орындап қойған азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстаннан келген қажылар бүгіннен бастап Мəдина қаласына жолға шығады.
Айта кетейік, биыл елімізден 3000 азамат қажылық парызын өтеуге келді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
24.08.2018
5164
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру