Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЕККЕДЕ УАҒЫЗ-НАСИХАТ ТОБЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 20.08.2018 3546 0 пікір
МЕККЕДЕ УАҒЫЗ-НАСИХАТ ТОБЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Мекке қаласында Қажылық миссиясы жанындағы Уағыз-насихат тобының кезекті жиналысы өтті.

Жиынға наиб мүфти, миссия төрағасы Бауыржан қажы Əбдірашұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мəжиев, ҚМДБ Шариғат жəне пəтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы,  уағыз-насихат жұмысына жауапты имамдар қатысты.

Басқосуда қажылардың діни рəсімдерді дұрыс атқаруын қадағалау, діни үкім беруде жан-жақты мəселені ескеру, дәстүрлі емес діни көзқарастағы тұлғалардың уағыз жүргізуіне жол бермеу, əр қажыны толғандырған сұраққа тыңғылықты жауап беру, т.б. мəселелер талқыланды.

Жиын барысында ҚМДБ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ермек Мұқатай миссия жанындағы уағыз-насихат тобының жетекшісі ретінде тағайындалды.

Кездесу соңында Қажылық миссиясының басшылық құрамы имамдарға нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру