Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ МЕККЕДЕ ҚАЖЫЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 17.08.2018 4739 3 пікір
НАИБ МҮФТИ МЕККЕДЕ ҚАЖЫЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан Мекке қаласында қажылар орналасқан қонақүйлерді аралап, отандық компаниялардың жұмысымен танысты.

Қажылық миссиясының өкілдері қонақүйлердегі тазалық, медициналық қызмет, уағыз-насихат, түсіндіру шараларын жүргізу, тасымал, т.б. мəселелерге назар аударды.
Қажылық компаниясының жетекшілері миссия өкілдеріне мүфтият тарапынан қойылған тиісті талаптардың орындалып жатқанын мəлімдеді.

"Біздің басты мақсатымыз - жерлестеріміздің қажылық рəсімдерін дұрыс атқаруына көмектесу, қызмет сапасын көтеру, мүфтият пен Қажылық министрлігінің қойған талаптарының орындалуын қадағалау. Осы бағытта баршамыз өзара ықпалдасып қызмет етуіміз керек",-деп атап өтті Бауыржан Əбдірашұлы.

Айта кетейік,бүгінгі таңда қазақстандық 3000 қажы Сауд Арабиясына толық жетті. Оларға отандық 18 қажылық компаниясы қызмет көрсетуде.

Пікірлер (3)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Yerkin | 17.08.2018 01:26

Алла тагала барлык кажыларымызга женилдик берип кажылыктарын кабыл етсин. Кызмет саяхат кажылык компаниясы оте жаксы кызмет береди

Берик | 18.08.2018 01:54

Қасиетті мекенде жүрген барша мұсылман халықтың жасаған Қажылығын Аллаһ Тағала Қабыл болған Қажылықтан етсін. Осы қажылық маусымында əсіресе Қызмет Саяхат компаниясының көрсетіп келе жатқан қызметтеріне өте ризамын! Қызметкерлері жоғары білімді деңгейде қызмет көрсетіп жатыр. Қызмет Саяхат компаниясына Аллаһ разы болсын!

Ерғали | 18.08.2018 03:54

Ассаумагалейкум , Қазақстандағы қажылық компанияларына алла разы болсын, қажылыққа қызмет етіп жүрген барлық компанияларға , қызметкерлерге, ұстаздарға , миссия өкілдеріне , муфтиятқа алланың нұрым жаусын , ерекше алғысым бізді қажылыққа алып келген Қызмет Саяхат  компаниясына , жақсы ұйымдастырған , тамақтарын керемет , жататын жер жайлы , ұстаздары білімді , барлық нәрсені жақсылап , толық етіп түсіндіріп береді , көп көп рахмет!!!